"Әбіш әлемі" фестивалі басталды

             Бүгін "Әбіш әлемі" фестивлі басталды. Фестивальдің алғашқы күні Әбіш Кекілбайұлының "Абылай хан" драмалық дастаны санханаланды. Бұл туындыны - Маңғыстау облыстық Нұрмұхан Жантөрин атындағы театр ұжымы көрерменге ұсынды. Олар пьеса желісіне жаңашылдық енгізген. Хан Абылай мен оның айналасындағылар сахнаға шапан, ішікпен ғана емес бүгінгі күнгі киім үлгісімен де шығады. Ұжым - Әбіш Кекілбаевтың шығармасындағы кейіпкерлерің кешегісі мен бүгінін осылай тоғыстырмақ болған.

             Сұрапыл заман. Жан-жақтан анталаған жау. Жерге көз тіккен қалмақтар мен қытайлар. Бұл қазақ халқының 18 ғасырдағы көрінісі. Хан Абылай оқиғаның ортасында. Пьесада Абылайдың алғаш таққа отыруы, Абылай ханның саяси мұраттастары мен қарсыластарының бет-бейнесі айқындалады.

Құспан Бержанов - көрермен

Бүгінгі қойылым өзгеше болды. Халық, әсіресе жастар көп жиналды. Бұған біз қуанамыз. Артымыздан өсіп келе жатқан жастардың осындай ынта менен тарихқа қарап Абылайдың қойылымына көп келуі қуантады. Қойылым жақсы өтті.

Шығар­ма кейіпкерлерінің бәрі де қазіргі заманға сай киінген. Қимыл-қозға­лыстары да дәп бүгінгі күндегідей. Бұл пьесаның жаңа қыры. Мұнда Абылайдың көрінісімен қатар, ол туралы тарихшылар пікірі де кірістірілген. 1 жарым сағаттық қойылым бір шығарманың желісі. Бірақ, бірнеше кезеңді қамтыған. Бұл пьесаның тағы бір ерекшелігі, қойылымда тек ер азаматтар ойнайды.

Нұркен Өтеуілов - ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Спектакльдің жаңашылдығы қазіргі сәттер мен сол кездегі тарихи замандарды байланыстыру арқылы керемет жеткізген режиссер. скл Халыққа жақын сол жердегі идеясын, Абылайдың ойын, Әбіш ағаның жазуы бойынша өзінің арманын Абылайдың тұлғасымен жеткізген.

"Абылай хан"  сахналық дастаны - қазақтың кешегісі арқылы бүгінін меңзейтін туынды. Тарихи мәні зор шығарма ғасырлар бойғы халық аңсаған тәулсіздікті  сахналады. Көрерменді тұнып тұрған бай тілмен сусындатты.  Фестиваль шымылдығы "Абылай хан" спектакльімен ашылуының үлкен мәні осы. 

http://mangystautv.kz/kz/news/culture/ebish-elemi-festivali-bastaldy 

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 6756



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>